04 нау, 2026 сағат 11:08

Шымкентте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне бірреттік төлем беріледі

Фото: Nur.kz

Шымкент қаласында 8 наурыз мерекесіне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иелеріне бірреттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл қолдау мегаполисте 8 наурызына дейін тұрақты тіркеуде тұрған «Алтын» және «Күміс» алқалардың, «Батыр ана» атағы мен I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне көрсетіледі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 14 267 ананы қаржылай қолдау жоспарланған. Қаржы жергілікті бюджет есебінен бөлінген.

Бірреттік төлем мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш - 21 625 теңгені құрайды.