Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық және бопсалау деректерінің жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті алаяқтық жолмен құны шамамен 2,5 миллион АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденген. Ол есеп айырысу криптовалюта — биткоин арқылы жүргізіледі деген сылтаумен компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеткен. Алайда заңды рәсімдер аяқталған соң бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған мәліметтер беріліп, іс жүзінде төлем жасалмағаны анықталған.
Бұдан кейін күдікті жағдайды пайдаланып, экс-иесіне компанияда оған қатысты әшкерелейтін материалдар бар екенін айтып, оларды жарияламау үшін 250 мың АҚШ долларын талап еткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін — 150 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталды.
Аталған фактілер бойынша алаяқтық және бопсалау баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
