Шымкенттегі түрмеде сотталушыға ұялы телефонды тауық етінің ішіне салып кіргізбек болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 әйелдер түрмесінде 21 қарашада келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде заңбұзугшылық анықталды.
Әлдебіреу тыйым салынған Samsung маркалы қара түсті ұялы құрылғы мен сим-картаны піскен тауықтын (гриль) ішіне жасырып, кіргізбек болған.
«Бұл заттарды Шымкент қаласының тұрғыны А. қамауда отырған әйелге әкелген. Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады»,- дейді Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан.
Ведомство өкілінің мәліметінше, қазір оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу кодексінің тиісті бабымен хаттама толтырылған.