Шығыс Қазақстан облысында Абайдың 175 жылдығына орай 9 метрлік стелла орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биіктігі - 9,5 метр, ал жалпы салмағы - 3,5 тонна.
Стелла Жидебай деген жазуы бар ашылған кітап түрінде жасалған. Сондай-ақ онда Шыңғыстаудың таулары көрініс тапты. Ең жоғарғы жағында жұлдыз тұр.
Естеріңізге сала кетсек, Абай ауданы Қарауыл ауылында ұлы ақынның мерейтойына орай домбыра түріндегі саябақ салынып жатыр.