#
#
Дүйсенбі 10/08/2020

Швейцарияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары шығарылды

  • 12.02.2020
  • 0
  • 426

Швейцарияда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, пошта маркаларын шығару бастамасын Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі көтерген. Дипломатиялық өкілдік маркаларды күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданатын болады. Сондай-ақ оларды Швейцария бойынша тарату жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Айта кетсек, аталмыш елде халықаралық филателиялық көрмелер бірнеше рет өткен болатын. Бұл мемлекеттің поштасы мен пошта маркалары елдің басты брендтері саналады. SwissPost маркалары коллекционерлер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді.

«Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі болып табылады. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар компаниялар, халықаралық ұйымдар, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты», - делінген СІМ мәліметінде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар