20 қаң, 2021 сағат 19:30

Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тұрғынның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм «кептірілген марихуана», 210 грамм «гашиш», сондай-ақ 17 келі 480 грамм марихуана тұқымы салынған 14 пластикалық ыдыс пен қап табылып, тәркіленді. 

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. 

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асқар Жұмабеков тәркіленген 17 келі 480 грамм тұқымнан қылмыскерлер 2 гектарға дейінгі алқапқа марихуана өсіре алатынын атап көрсетті.