07 мау, 2021 сағат 21:31

Шпилевский «Қайраттан» кетті


Беларусь маманы Алексей Шпилевский ел чемпионы Алматының «Қайратынан» кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, А.Шпилевский командада бас жаттықтырушы міндетін 2,5 жыл бойы атқарды. 

А.Шпилевский Германияда Бундеслиганың екінші дивизионында өнер көрсететін «Эрцгебирге» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. 

«Қайратпен» келісімшарттың мерзімінен бұрын үзілуіне байланысты алматылық команда «Эрцгебирге» клубынан өтемақы алатын болады.

«Қайраттың» уақытша бас бапкері міндетін қазақстандық маман Кирилл Кекер атқарады. Ол биылғы маусымда «Қайрат-Жастардың» басшылығына келген болатын. Сондай-ақ жастар командасын академия бапкері Кирилл Морунов жаттықтыратын болды.

Айта кетейік, өткен жылы А.Шпилевскийдің басшылығымен «Қайрат» ел чемпионы атанған еді.