26 сәу, 2021 сағат 11:27

Шортанды тұрғыны мешіттен садақа жәшігін ұрламақ болған


Ақмола облысында мешіттен садақаға арналған жәшікті ұрлап әкетпекші болған күдікті анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 25 сәуірде Шортанды аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреудің мешіт ғимаратынын садақа жәшігін ұрламақшы болғанын айтты.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ұрының мешіттің терезесін бұзып ішіне түскенін анықтады. Полиция қызметкерлері мешітте және сол маңдағы бейнебақылау камераларындағы жазбаны зерттей келе, күдіктіні анықтады. Ол Шортанды кентінің 44 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, ер адам садақа жәшігінің құлыбын бұза алмай, тастап кетіп қалған. 

«Қазіргі кезде осыған байланысты «ұрлыққа оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «шақырғанда келу міндеттемесі» процессуальдық шарасы қолданылды», - деп толықтырды ведомстводан.