Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының көлігінен 2 еліктің еті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Зайсан ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолында «Шевролет Нива» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлік ішінде Боран ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Зайсан қаласының 43 жастағы тұрғыны болды.
«Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 37 келі 2 еліктің еті табылды. Сондай-ақ осы азаматтардың біріне тиесілі 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.