24 қаң, 2022 сағат 11:06

ШҚО-да сілеусін атқан екі ер адам ұсталды


Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері сілеусін атқан екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Каменка ауылында заңсыз аң аулау фактісі тіркелді. 

«Екі ер адам арнайы рұқсат құжаттарынсыз сілеусінді атып алған. Полиция қызметкерлері оларды ұстады. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігіне (Қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін қамтымайтын жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау ережелерін бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.