20 там, 2020 сағат 11:46

ШҚО-да «Nur Otan» праймеризіне қатысуға 300-ден астам адам ниет білдірді

«Nur Otan» партиясының ШҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков өңірдегі праймериздің өту барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елімізде 17 тамыздан бастап «Nur Otan» партиясының праймеризіне кандидаттарды тіркеу басталды. Үш күн ішінде Шығыс Қазақстанда 309 адам тіркеліп үлгерді. Оның ішінде 43%-ды әйелдер, 26%-ды жастар құрайды. 

Праймеризге қатысуға ниет білдіргендердің 206-сы өзін-өзі ұсынушылар. Бізді партияластардың белсенділігі қуантты. Басты мақсат – мүмкіндігінше көп адамды тарту болатын. Филиалымызға 1200-ден астам қоңырау келіп түсті. Меніңше, кандидаттардың саны бұдан да көп болады», - деді Олег Чугунков.

Кандидаттарды тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады. Кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, дебат ұйымдастырып, дауыс жинайды. 

«Жалпы, қазіргі уақытта ашық және шынайы ішкі партиялық сайлауды өткізуге барлық жағдай жасалған. Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ең бастысы, бәсекеге қабілетті барлық қатысушы арасындағы тең құқықты сақтау. Праймеризге партия мүшелерінен бөлек, еліміздің дамуына үлес қосқысы келетін әрбір белсенді азамат қатыса алады. Праймериз өзекті мәселелерді қозғап, оны шешуге бағытталып отыр. Сондықтан біз шынайы көшбасшыларды көргіміз келеді, – деді Олег Чугунков.