13 нау, 2021 сағат 14:15

ШҚО-да 83 жастағы кейуананың жарты млн теңгесі қолды болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында зейнеткердің жарты миллион теңгесін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, наурыз айының басында Риддер қалалық полиция бөліміне 83 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, 25-28 ақпан аралығында бейтаныс біреу оның пәтерінен жарты миллион теңгесін ұрлап кеткен.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Өз кінәсін мойындаған күдікті ұрланған ақшаны қайтарып берді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.