26 қаң, 2021 сағат 05:40

Шетелдік әйел Атырау тұрғынынан ақша талап етіп, видеоңды интернетке саламын деп қорқытқан

Атырауда бопсалаумен айналысқан шетелдік әйел ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында тұратын 51 жастағы әйел бопсалау туралы арызданған. 

Шағымданушының арызында өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткені айтылған. 

Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған. 

«Күдікті азаматша 19 қаңтарда Атырау қаласы С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде ұстады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерекке ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.