Қазақстан аумағына шетелден келген ел азаматтары мен ықтиярхат иелері вакцина паспорты болмаса, 3 күнге оқшауланады. ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына осындай тармақ енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Республикасының келген азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаған кезде ПТР-тест әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшауланады. Зертханалық тексеру үшін материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы жүзеге асырады», - деп жазылған жаңа Қаулыда.
Құжат бойынша, COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіліп, тиісті қолхат алынады.
«COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады», - деп жазылған Қаулы мәтінінде.
Аталмыш қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.
