Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров өңір басшысы қызметіне уақытша үкімет төрағасы Муслим Хучиевті тағайындады. Ол өзінің уақытша "еңбекке жарамсыз" екенін айтты, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тиісті жарлық Шешенстан басшысы мен үкіметінің сайтында жарияланған.
"Шешенстан конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша "еңбекке жарамсыздығыма" байланысты Республика басшысының міндетін 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап республика үкіметінің төрағасы Хучиев Муслим атқарады", - деп жазылған құжатта.
Құжатқа 13 қаңтар күні қол қойылған.