13 жел, 2024 сағат 15:40

Шерзат ісінен кейін Алматы облысының әкімі отставкаға кете ме?


Фото: ОКҚ

"Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шерзат Болатқа қатысты қайғылы оқиғадан кейін отставкаға кете ме?" деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды ult.kz.

ОКҚ-да өткен брифингте журналистің сұрағына жауап берген әкім Талғарға барғанын айтты. 

"12-іне дейін ғой деймін. Штаб өткіздік. Өрт орнына бармадым. Толық мәліметтер маған жеткізіліп жатыр. Ол жаққа Ішкі саясат басқармасы, ауыл әкімі, басқа да қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар барды. Бірақ жаңадан өртенген кезде аумаққа ешкім кіргізілмейтін, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатты", - деді әкім.


Ал отставкаға қатысты жұмысының бағасын беретін экономикалық-әлеуметтік салалардағы көрсеткіш деп есептейді Марат Сұлтанғазиев.

"Бүгінгі күні біздің жұмысымыз тек әлеуметтік желіде тараған жаңалықпен бағаланбайды ғой. Көптеген сала бар: экономикалық сала, әлеуметтік сала. Сондай тұрғыдан халық, басшыларымыз өзі бағасын берер", - дейді ол.