- Қазақстан мен Ресей шекарасында үлкен көлемдегі - 4 тонна құс еті мен мал қой етін алып өтпек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды бір тәуліктің ішінде ет өнімдерін заңсыз өткізуге қатысты екі деректің жолын кесті.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясына «ГАЗ» жүк көлігімен кетіп бара жатқан 47 жастағы қазақстандықтың ет өнімдерінен шикілік табылды. Оның құжаттары бойынша көлік қорабында салмағы 500 килограмм болатын 25 дана туша болуы керек еді. Ал тексере келгенде, одан салмағы 1300 кг болатын, 65 дана қойдың тушасы анықталды.
Осы күні 32 жастағы қазақстандық азамат та мемлекеттік шекара арқылы заңсыз түрде 3 тонна құс етін өткізуге әрекеттенді. Ұсталған азамат «Хюндай» автокөлігімен Қазақстаннан Ресей жеріне қарай сапар шегіп барады екен.
Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.