24 қар, 2020 сағат 13:50

Шекарадан 5 млн теңге болатын COVID тестерін алып өтпек болғандар ұсталды

Шекарадан 5 млн теңге болатын COVID тестерін алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID Test KIT) анықтау үшін Қазақстаннан 1000 тест шығару әрекетін тоқтатты. Ұсталған жүктің алдын ала құны 5 074 480 мың теңге», - делінген хабарламада. 

Жүк БҚО МКД қызметкерлеріне берілді.