13 мам, 2021 сағат 17:26

Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді


Бүгін, 13 мамырда шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл 2021 жылғы Әлем чемпионатының элиталық дивизион ойындары алдындағы дайындық болады. Кездесу Литва астанасы – Рига қаласында өтеді. Ойын елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал 15 мамырда екі құрама тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді. 

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты Литвада 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.

Қазақстан хоккейшілері әлемнің үздік құрамаларымен бірге бес жылдық үзілістен кейін сынға түскелі отыр. Соңғы рет 2016 жылы элиталық дивизионда мұз айдынға шықты.