04 шіл, 2022 сағат 13:33

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі туралы айтты


UFC промоушеніндегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Менеджерлерімен сөйлесіп жатырмыз. Қазанда Абу-Дабиде өтетін турнир мен үшін ең жақсы нұсқа. Себебі, ол жаққа виза қажет емес. Егер ол турнирге қатыспасам, қараша-желтоқсанға толық дайынмын", - деді Рахмонов баспасөз мәслихатында.

Ол UFC-мен жаңа келісімшарттың жай-жапсарын да айтты.

"Менің бес жекпе-жекке келісімшартым бар, бір жекпе-жек өткіздім, төртеуі қалды. Бірақ UFC екі-үш жекпе-жектен кейін жаңа келісімшарт ұсынуы мүмкін", - деді спортшы.

Еске салайық, кештегі басты айқастардың бірінде Шавкат Рахмонов америкалық тәжірибелі файтер Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңген болатын.