28 қаз, 2020 сағат 08:26

Шаңырақ «5-10-20» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

28 қазаннан бастап Қазақстанда Шаңырақ «5-10-20» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл бағдарлама жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған. 

Аталмыш жобаға 1986-2017 жылдан бері кезекте тұрғандардан басқа 2018-2019-2020 жылдары өтініш бергендер де қатыса алады. 

«Шаңырақ» пилоттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандықтарға тиімді несиемен баспанаға қол жеткізу мақсатында жасалды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, әр үміткердің соңғы 6 айдағы отбасылық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3-1 есе артық болуы тиіс. 

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл көрсеткіш 32 668 теңге болды.

Яғни, отбасының бір мүшесіне келген табыс 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Барлығы 54 198 өтініш қаралды. Олардың ішінде 34 453 адам 1986-2017 жылдары кезекке тұрған.

Қазір құны 32,4 млрд теңге болатын 2 386 өтінім мақұлданды. 

Шаңырақ бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымынан 210 млрд теңге аударылды.

Оның бірінші бөлігі, 90 млрд теңге «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ аударылды.

Осы қаражатқа 7-8 мың қазақстандық отбасыға қолжетімді баспана беріледі. 

Жылдық 5% мөлшерлемемен несие алу үшін үміткер әкімдікте кезекте тұруы керек. Сонымен қатар, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ шотында үй бағасының 10 пайыз жинағы болуы шарт.

Несие 20 жылға дейін беріледі.