Елордада өтіп жатқан жиында қазіргі мұғалімдер қандай болуы керектігі айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бізде жыл сайын осындай конференция ұйымдастырады. Биыл мектеп әлемін жаңғыртатын мұғалімдер мәселесі жан-жақты талқылануда. Мұғалімнің өзі оқушылар, ата-аналар және қоғамда жаңа көзқарас қалыптастыра бастады. Біз білім беру жүйесін дамытып, оның сыртқы күштер әсерінен сапасын жоғалтпау жағын қамтамасыз ету үрдісін барлық мектептерде қалыптастыруымыз керек», - деді «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова «Мектеп әлемін өзгертетін – ұстаздар» конференциясында.
Ол қазіргі заманға сай мұғалім келбеті қандай болуы керектігін айтты.
«Уақытты тиімді пайдаланатын, міндеттерді нақты анықтай алатын, түйінді мәселелерді шешудің тиімді жолдарын тез табатын, өзінің міндеті үшін толық жауапкершілік ала алатын көшбасшы болуы тиіс», - деді төраға.