фото: Qazaqstan.tv
Шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды пойызда қарсы алады. Бұл туралы Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.
Мереке күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар – «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент», «Алматы-Шымкент», «Астана–Семей» және «Алматы-Семей».
Жаңа жыл түні Қазақстандағы вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1 774 жолсерік, жалпы 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.
Айта кетсек, жұмысқа шыққан жолсеріктер кесте бойынша жолда 15 күн бойы қызмет атқарады.