16 қыр, 2019 сағат 10:04

Шамалғандағы апат: Автобуста 67 адам болған

Шамалған өткелінде пойызға соғызған автобуста 67 адам болған. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Автобуста жалпы саны 67 адам болған. Соқтығысу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын-ала болжам бойынша, жолаушылар автобусы темір жолдың релсіне шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды.