Түркістан-Шардара: Бүгін «NurOtan» партиясынан аудандық мәслихатқа кандидаттар Сүткент ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Үміткерлер тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге ауыл тұрғындарын сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
– Бір кездері мал шаруашылығы, оның ішінде қаракөл қойын өсірумен даңқы Кеңестер Одағына тараған Сүткенттің бүгінгі жағдайы жаман емес. Бұл ауылға таяуда ғана табиғи газ тартылып, тұрғындарға үлкен қуаныш сыйлады. Шаруалар жер егіп, мал бағумен айналысады. Ендігі жерде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға күш салу керек. Оған мүмкіндік мол. Сырдарияның жағасындағы ескі шаһар – Сүткенттің келешегі зор, -дейді «NurOtan»-дықтар.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.