Мемлекет басшысының Өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Шахрат Шәкізатұлы НҰРЫШЕВ 1972 жылы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келді.
Бейжің лингвистикалық университетінің қытай филологиясы факультетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген. 1996 жылдан - ҚР СІМ Азия басқармасының референті.
1997 жылдан - ҚР СІМ Үрімжі қаласындағы атташесі, Төлқұжат-виза қызметінің үшінші хатшысы. 1999 жылдан ҚР-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы. 2004 жылдан - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2005 жылдан - ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінде кеңесші, ҚР-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығы жанындағы ҚР тұрақты өкілі.
2007 жылдан - ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2009 жылдан - ҚР Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. Дипломатиялық шені - ІІ класты кеңесші. 2008-2015 жылдары - ҚР-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы мәселелері бойынша ұлттық үйлестірушісі.
Қазіргі қызметінде 2015 жылдан бері Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.
2015 жылғы қазаннан бері Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.