13 қар, 2018 сағат 09:42

Шахматшы Жансая Әбдімәлік бірінші партияда әлем чемпионын жеңді

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласындағы шахматтан Әлем чемпионатына жерлесіміз Жансая Әбдімәлік қатысып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жансаяның ширек финалдағы қарсыласы - 2015 жылы әлемдік біріншілікте чемпион атанған украиналық Мария Музычук. Бірінші партияда Жансая Әбдімәлік күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді классикалық шахматтың екінші партиясы 13 қарашада болады. Егер есеп тең түссе, онда ертеңіне шахматшылар жеңімпазды тай-брейк арқылы анықтайды.

Ширек финалдағы алғашқы партияларда ресейлік Екатерина Лагно Қытай өкілі Лэй Тинцзэні жеңді. Ал Анна Музычук (Украина) - Александра Костенюк (Ресей) және Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - Гулрухбегим Тохирджонова (Өзбекстан) кездесулерінде әзірге тең нәтиже тіркеліп отыр.