«Шабыт» XX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша, фестиваль келесі номинациялар бойынша өтеді:
I. «Классикалық музыка» номинациясы (фортепиано, скрипка, АВАК (альт, виоленчель, контрабас) академиялық ән салу);
II. «Бейнелеу өнері» номинациясы (кескіндеме, қолданбалы өнер);
III. «Ұлттық музыка» номинациясы (домбырамен ән салу, халық аспаптар ансамблі, домбыра);
IV. «Цирк өнері» номинациясы
V. «Үздік әдеби шығарма» номинациясы (Проза-жасөспірімдерге арналған шығармалар);
VI. «Актерлік шеберлік» номинациясы.
Фестиваль 2017 жылғы 3 – 7 қараша аралығында Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астанада өтеді. Фестивальге қатысу өтініштерін ұйымдастыру комитеті 2017 жылдың 20 қазанына дейін қабылдайды.
Фестивальда келесі сыйлықтар белгіленген:
• Бас сыйлық – Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі;
• Гран-при;
• 1, 2, 3 орын «Лауреат» атағы дипломы, «Шабыт» медалі және шығармашылық ұжымдарға үстелге қоятын «Шабыт» медалі;
• Қазақстанның танымал өнер және мәдениет қайраткерлерінің рухына бағышталған атаулы дипломдар мен сыйлықтар;
• «Дипломант» атағының дипломдары;
• Жеке номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар.
Байқаудың жалпы сипаттамалары:
- фестивальға кез келген ұлт өкілдері қатыса алады;
- жас шектеуі әр номинацияның ережесінде көрсетілген;
- байқауға қатысуға тек фестивальға қатысу жөнінде ресми шақыру қағазын алған талапкерлер ғана жіберіледі. Әр номинация бойынша іріктеу барысында таңдалған талапкерлерге жазбаша түрдегі ресми шақыру қағазы белгіленген уақытта пошта арқылы немесе электронды пошта арқылы жіберілетін болады (шақыру жеке немесе топтық болуы мүмкін);
- конкурстың барлық турлары жариялы түрде өтеді;
- арнайы сыйлықтардың тағайындалуын қалайтын кез-келген ұйым бұл мәселені Ұйымдастыру комитетінің келісімімен жүзеге асыра алады;
- барлық лауреаттар мен дипломанттар қорытынды концертке ақысыз қатысуға міндетті (Ұйымдастыру комитетінің шешімімен).
- Ұйымдастыру комитеті қорытынды концертпен қатысушылардың көрсеткен өнерін қосымша сыйақысыз бейнетаспаға жазуға, таратуға және арнадан көрсетуге құқылы.
Марапаттар мен сыйақылар бөлінбейді.
Қажетті құжаттар:
• Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
• 20-сандық есепшоттың нөмірі (банктен анықтама – көшірмесі);
Ақшалай сыйақылар, ҚР заңнамасы бойынша, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 10% жеке кіріс салығын ұстап қалып, ал Қазақстан Республикасының резиденттері емес азаматтар үшін 20% жеке кіріс салығы ұсталады.
Қазақстан Республикасының резиденті үшін ақшалай сыйлықтар фестиваль аяқталған соң 10 жұмыс күні ішінде банктік есепшотқа аударылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын конкурс лауреаттары, сондай-ақ дипломанттары болып табылатын қатысушылар ақшалай сыйлықтарды фестивальды ұйымдастыру комитеті белгілеген жерден алады.
Қатысушылардың жол шығындары жіберуші тарап есебінен төленеді, не қатысушылар жол ақысын өз есебінен жүзеге асырады;
Байқаудың іріктеу кезеңінен өткен конкурсқа қатысушыларды фестивальді Ұйымдастыру комитеті конкурс пен фестивальға қатысудың барлық кезеңінде тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етеді. Тұру және тамақтану тек қана конкурсқа қатысу кезеңінде қамтамасыз етіледі.Егер конкурсқа қатысушы фестивальға қатыса алмай шығып қалса, әрі қарай тамақтануы мен жатын орны конкурсанттардың өздігінен іске асады. (қонақ үй бөлмесін байқау нәтижесін жариялағаннан кейін жарты күн ішінде қайтарып беруі тиіс).
Ескерту:
«Шабыт» фестивалінің бұрынғы жеңімпаздары (Бас-жүлде және I орын) конкурсқа қатыса алмайды.
Фестивальға қатысу үшін материалдарды келесі мекенжайға жолдау қажет:
Қазақстан Республикасы 010000, Астана
Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы,
Бейбітшілік к-сі, 11.
Фестивальдің байқаулық номинациялары жөніндегі толық ақпаратты алу үшін фестивальдің Ұйымдастыру комитетіне хабарласу керек.
Байланыс телефондары: тел: +7 (7172) 556771,+7 (7172) 557409
Факс: +7 (7172) 557409
Сайт: www.shabyt.astana.kz
Ұйымдастыру комитеті өтініштерді сауалнамалық мәліметтерге және басқа міндетті материалдарға сүйеніп іріктеу жасауға құқылы.
Ұйымдастырушылар:
Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қазақ Ұлттық Өнер университеті