Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтеді.Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
Еске салсақ, 16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
Сапар аясында Президент Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.