Фото: Ақорда
Белградта Президенттер Тоқаев пен Вучич кеңейтілген форматта келіссөздер өткізді. Мемлекет басшыларының әңгімесіндегі басым тақырыптардың бірі Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Екіжақты тауар айналымының өсуі мен жеткізілетін тауарлар тізімін кеңейтуге деген қызығушылық атап өтілді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және логистика салаларындағы жобалар қарастырылды. Сондай-ақ цифрландыру мен аэроғарыш саласы талқыланды.
Көлік инфрақұрылымын дамыту – талқыланған тағы бір маңызды тақырыптардың бірі. Мемлекет басшылары Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігін сөз етті.
Бұған дейін Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көрсеткен қолдауы үшін сербиялықтарға алғыс білдіргенін жазғанбыз.