07 жел, 2021 сағат 17:46

Сэр Сума Чакрабарти Қазақстан экономикасын дамытуға қатысты ұсыныс айтты


Қазақстан инвестиция тартуда өзінің күш-жігерін еселеуі керек. Бүгін елордада Жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы «дөңгелек үстел» отырысында Президенттің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырып келеді. Осы орайда инвестиция тарту бағытында елеулі қадамдар жасалды. Менің ойымша, бұл салада Қазақстан өзінің күш-жігерін еселеуі керек. Бұл тұрғыда шикізаттық емес секторға, сыртқы саудаға байланысты инвестиция тартуға бағытталған жұмыстарға ерекше екпін қойылған жөн», - деді Сэр Сума Чакрабарти. 

Оның пайымынша, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы арқылы жүргізілетін іс-шараларға да мән беру керек. Өйткені бұл орталық елеулі табысқа қол жеткізді. 

«Сондықтан инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыуды қамтамасыз ету керек», - деді ол.