#
#
Сенбі 17/04/2021

Сенатор елге келген қандастарға төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды

  • 04.03.2021
  • 0
  • 962

Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы Наурыз мерекесін тойлау күндерінде елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этнос өкілдеріне қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімін дәстүрге айналдыруды ұсынып отыр. Бұл туралы депутат Үкіметке жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сенаттың жалпы отырысында депутат әз Наурызды тойлауға қатысты бірнеше ұсынысын жария етті. Сенатор еріктілердің белсенді қатысуымен өтетін «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясы секілді шараларының маңызын атап өтті. 

«Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үшін аумақтарды абаттандыру, бұлақтардың көзін ашу мен ағаш отырғызуды дәстүрге айналдыру қажет. Оңтүстік өңірлерде Наурыз мерекесінде және мұндай акцияны қолайлы климат кешірек келетін солтүстік өңірлерде кейінірек ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, елге оралған қандастардың отбасылары мен басқа этностардың өкілдеріне мереке күндері қазақстандық паспортты салтанатты тапсыру рәсімі енгізілсе, символдық түрғыдан құба-құп болар еді», - деді Алтынбек Нухұлы.

Заман талабымен үндесетін бұқаралық шараларды өскелең ұрпаққа, қастерлі Отаның мен отбасыңа, туған топырағыңа сүйіспеншілікпен насихаттау маңызды.

Депутаттың сөзіне қарағанда, Наурыздың идеялық мазмұнын балалар мен жастар аудиториясына әлеуметтік желі және өзге де кеңістіктегі шаралар арқылы сіңірудің мәні айрықша. 

Сенатор өз сауалында ұлттық құндылықтардың насихаты мен рухани даму, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру тақырыбындағы өзекті ойларын ортаға салды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар