24 қар, 2025 сағат 11:51

Семейдегі «Жас Ұлан» әскери мектебінде курсантты тұншықтырған сәттен қатыгез видео пайда болды


Фото: zhasulan-semey.kz
Семейдегі Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан алаңдатарлық кадрлар пайда болды. Видеода жоғарғы сынып оқушысы тағы бір тәрбиеленушіні қатты қысып, тұншықтырып жатқаны көрінеді. Жәбірленуші қарсыласуға тырысқанымен, өзін босата алмайды. Бұл туралы Krispmedia.kz редакциясына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

Бұл — оқу ордасында болып отырған зорлық-зомбылықтың алғашқы дерегі емес. БАҚ-та бұған дейін де жоғары сынып оқушыларының кіші тәрбиеленушілерді жүйелі түрде қорлайтыны туралы материалдар бірнеше рет жарияланған. Алайда жариялылық пен қоғамның наразылығына қарамастан, жағдай өзгермей тұрғандай.


Видеоны жолдаған оқырман әкімшілік тарапынан ешқандай реакция жоқтығына таңданысын әрі ашуын білдіріп, директордың әлі де өз қызметінде отырғанын атап өтті.

«Директорды қызметтен босатпай отыр. Айтқандай, балық басынан шіриді», — деп жазды ол.