04 нау, 2026 сағат 11:05

Семейдегі өрт: Оқиға орнында 6 адам медициналық көмекке жүгінді

Фото: ТЖМ

3 наурызда Семей қаласындағы Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында өрт болды. Медициналық көмекке 6 адам жүгінген, оның ішінде 3 ересек және 3 бала бар. Бұл туралы Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бір науқас бүйрек орталығына жеткізіліп, иіс газынан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.

Сондай-ақ екі бала өз көлігімен Абай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта жаңа өтініштер тіркелген жоқ. Медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде.