Фото: Видеодан скриншот
Семейде емханада ер адам кезек күтіп отырған жүкті әйелдің қолын қайырып, күш көрсеткен, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai телеграм арнасына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, ол емханада кезегін күтіп тұрған кезде, қабылдауға кірер сәтінде басқа бір науқас кезексіз өтіп кетпек болған. Болашақ баласын ойлап, алғашында үнсіз қалғанын айтады, алайда ер адам оны балағаттай бастаған.
Әйел ұялы телефонындағы камераны қосқан кезде, ер адам жүгіріп келіп, қолын қатты қайырып, телефонды жұлып алған. Жанжал тек медицина қызметкерлері араласқаннан кейін ғана тоқтатылған.
Жәбірленуші полиция шақырып, арыз жазған. Оның айтуынша, ер адамға қатысты тек түсіндірме жазумен ғана шектелген.
