Сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықтар туралы видео Қазақстанда түсірілмеген. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Facebook-те сайлау учаскесінде бақылау камерасымен түсірілген бейнежазба жарияланды. Онда бюллетеньдердің дауыс беру жәшігіне салу барысы көрсетілген. Пост авторының айтуынша, бұл Қазақстанда орын алған жағдай. Шын мәнінде, бұл ескі видео және өткен жылдың шілде айында Мәскеуде түсірілген.
Видеоның түпнұсқасын Twitter-ден көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған.
Кейіннен мәскеулік Раменка ауданындағы осы сайлау учаскесінде дауыстарды санау тоқтатылды, бұл туралы Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы өзінің Telegram каналында хабарлады.
Демек, видеода көрсетілген бұзушылықтар Қазақстанда болған деген ақпарвт – фейк. Бұл жазбаның қазақстандық сайлауға ешқандай қатысы жоқ