Каспий университетінің ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Әліпаша Қараев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбат берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сұхбатта ғалым Парламентке саяси партиялардың өту шегін төмендету жөніндегі заң жобасының маңызы және сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» бағанының енгізілуі туралы пікірін білдірді.
Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен және Парламенттің қолдауымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сайлау процесінің кейбір мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, «бәріне қарсымын» деген баған енгізілді, сондай-ақ саяси партиялар үшін кедергі 7%-дан 5% - ға дейін төмендетілді.
- Әліпаша Ағаханұлы, осы нормаларды енгізудегі мақсат не?
- Биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Парламенті «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіруге және азаматтардың сайлау мәдениетін көтеруге бағытталған түзетулерді қабылдады.
Осы Заңның негізгі жаңалықтарының бірі Парламентке өту шегінің төмендеуі, сондай-ақ сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» бағанын қосу болды.
Ең алдымен, бұл нормалар Конституцияның «әркімнің сайлау және сайлану құқығы» туралы нормаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстандағы партия құрылысын дамытға бағытталғанын атап өткен жөн.
Сайлау - демократиялық дәстүрлерді қалыптастырудың маңызды арнасы болып табылатын тікелей демократия институты екені белгілі. Ашық, әділ және бәсекелі сайлау азаматтарға биліктің сайланбалы институттарын құруға тікелей қатысуға, ал саяси партияларға қоғамның мүдделерін білдіруге және қорғауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, құжат қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен кемшіліктерді жою, шетелдік тәжірибені пайдалану, сондай-ақ қоғамның саяси және сайлау мәдениетін көтеру мақсатын көздейді.
- Сіздің ойыңызша, «бәріне қарсымын» бағанының маңызы неде?
- «Бәріне қарсымын» бағанына келетін болсақ, бұл наразылық білдірушілерге партиялардың ұсынылған тізімімен келіспейтін немесе дәстүрлі түрде дауыс беру процестерін елемейтін, мотивация мен баламалылықтың болмауына байланысты өздерін көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Норма елдегі саяси өмірді ынталандырады, сайлаушылардың белсенділігін арттырады Сонымен бірге, мұндай тәсілдің кемшіліктері бар. Яғни «бәріне қарсымын» бағаны қоғамның төмен сайлау мәдениеті жағдайында демократиялық қоғамның негізгі институттары ретінде сайланған биліктің беделін түсіруі мүмкін.
Сонымен қатар сұрақ туындайды: егер «бәріне қарсымын» дауыс бергендердің саны 50% - дан асса ше?. Мұндай сайлауды заңды деп санауға бола ма және сайлаушылар дауыс берген партиялар немесе кандидаттар қайтадан сайлауға құқылы ма?
Бұл мәселелер де шешуді қажет етеді.
- Сіздің ойыңызша, кедергі шегін төмендетудің жағымды жақтары қандай және бұл мәселе қазір әлемде қалай шешілуде?
- Қазақстанда, өздеріңіз білетіндей, 7%-дық, айтарлықтай жоғары шек болған. Бір жағынан, ол өкілді органның жұмысындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, екінші жағынан, әлсіз саяси партиялардың конституциялық мүмкіндіктерін едәуір шектеп, бір партиялық саяси режимді қалыптастыруға қолайлы жағдай жасады.
Басты мақсаты кез-келген партияның пропорционалды түрде сайлаушылардың дауыстарын ала отырып, Парламентке келу мүмкіндігінің болуын қамтамасыз ететін жоғары шек пропорционалды сайлау жүйесіне де қайшы келді. Биліктің заң шығарушы тармағының өкілдік сипатын көп ұлтты халықтың мүддесін білдіруші, егемендіктің иесі және биліктің жалғыз қайнар көзі ретінде баянды ететін Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабымен де біршама қарама-қайшылық пайда болды.
Осыған байланысты, шекті төмендету, 5 пайыздық кедергіні еңсеруде өз мүмкіндіктерін арттыру мақсатында ұқсас саяси көзқарастары мен платформасы бар партияларға бірігуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, норма Мәжіліс пен мәслихаттарда көптеген партиялардың өкілдігін қамтамасыз етеді, фракциялық күресті жандандырады және қабылданатын шешімдердің әлеуметтік үміттерге сәйкес келетін сапасын арттырады деп үміттенемін.
Осылайша, сайлау заңына Саяси партиялар үшін өту шегін төмендету бөлігіндегі түзетулер, сондай-ақ «бәріне қарсымын» бағанын енгізу сөзсіз оң екенін және Қазақстан Республикасындағы сайлау институтын одан әрі демократияландыруға бағытталғанын атап өту қажет.
- Сұхбатыңызға рахмет!
