Сайлау комиссияларының мүшелері Қашаған кен орнына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Тікұшақ Қашаған теңіз кен орнынан Атырауға оралды. Онда таңертең Д жасанды аралына екі сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру жәшігін апарған болатын. Қазақстан Президентін сайлауға Каспий теңізіндегі кен орнында вахталық режимде жұмыс істеп жатқан 594 қазақстандық қатысты», - деп хабарлады НКОК компаниясының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы Қашаған кен орнында тәуліктік мұнай өндіру қуаты 370 баррельге жеткен болатын.