06 ақп, 2023 сағат 16:32

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсыну шарттары

Сурет: atpress.kz

«ULT MEDIA (Улт медиа)» Қоғамдық қорының www.ult.kz сайтында 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары.

www.ult.kz ақпарат агенттігінің (бұдан әрі – Сайт) иесі – «ULT MEDIA (Улт медиа)» Қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) Сайтқа орналастыру үшін интернет-алаңды ұсыну төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгiті 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып, 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Осылайша, үгіт материалдары Сайтта көрсетілген мерзімде орналастырылады.

Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш, сондай-ақ Сайт иесі мен Кандидат арасында не Кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат көшірмесі;

3) Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.

Үгіт материалдары Сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күннен кешіктірілмей, HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылуы керек. Үгіт материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Сайт иесі үгіт материалдары конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеяларын қамтитын болса, сондай-ақ үгіт материалдарында партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Ult.kz тәуелсіз интернет-басылымында мемлекеттік тілдегі үгіт материалдарын орналастыру



Материалдың түрі



Мерзімі

 

Шарты

 

Бағасы


Дайын ақпараттық хабарлама, мақала


1 тәулік

(сайттың басты бетінде)


3000  белгіге дейін


300 000 тг



Дайын сұхбат



1 тәулік

(сайттың басты бетінде)

4000 белгіге дейін



360 000 тг



Баннер

7 тәулік

970x90

300x600

477x76

400 000 тг

350 000 тг

250 000 тг


Сайт тарапынан материалдар дайындау ақысы



Материалдың түрі



Мерзімі


Шарты


Ақысы


Ақпараттық хабарлама, мақала


1 тәулік

(сайттың басты бетінде)


3000 белгіге дейін


380 000 тг


Сұхбат


2 тәулік

(сайттың басты бетінде)

4000 белгіге дейін


450 000 тг



Жарияланған мәтіндік материалдар Desktop нұсқасында және мобильді нұсқада қолжетімді болады. 

Сайтта үгіт материалдарын орналастыруға жасалған шарт бойынша төлем Сайттың иесі төлемақыға ұсынған есепшот негізінде есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Меншік иесі партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру туралы жазбаша өтініштерді 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2023 жылғы 16 наурызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, келесі мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105, офис 101, 102, тел.: 8 (701) 707 40 10, 8 (702) 950 04 14.

Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Барлық материал «Үгіт материалы ......... төленген» белгісімен бірге жүреді.       

«ULT MEDIA (Улт медиа)» Қоғамдық қорының директоры Елгезек А.Е.