20 нау, 2023 сағат 00:51

Сайлау-2023: «СОЦИС-А» институты Еxit poll нәтижесін ұсынды

© Sputnik / Владислав Воднев

«КТК» телеарнасында кезектен тыс Мәжіліс сайлауының тағы бір Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген Еxit poll қорытындысына сенсек, Мәжіліс сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың дауысын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 54,42%%,

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,21%,

3. Respublica партиясы – 8,79%,

4. Қазақстан халық партиясы – 6,89%,

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,17%,

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,21%,

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4,91%,

«Бәріне қарсымын» бағаны - 4,4%.

Сауалнамаға 312 мың сайлаушы қатысқан.

Айта кетейік, 19 наурызда елімізде Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. ОСК-ның алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы дауыс берген.