10 сәу, 2019 сағат 19:54

Сайлау-2019: Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну қашан басталады?

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды әзірлеу мен мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

9 маусымға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндады.

«Науқанның жекелеген кезеңдерінің ұзақтығын айқындау үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 66-1-бабы негізге алынды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Осы жоспарға сәйкес, ҚР Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан келесі күні, яғни 2019 жылғы 10 сәуірде басталып, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады.

Кандидаттардың сайлау жарнасы (2 млн 125 мың теңге) сайлауда жеңіске жеткен жағдайда және сайлаушылардың бес пайыз дауысын алған жағдайда қайтарылады», -  деді К.Петров.

видео: Азаттық