23 қар, 2021 сағат 12:21

Сауда орталығындағы әйел өлімі: Полиция тергеу бастады


Елордадағы сауда, ойын-сауық орталығындағы әйел өліміне байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 22 қарашасында, сағат 21:31-де жедел жәрдем бригасы 102 арнасына қоңырау шалып, Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында тіршілік белгісі жоқ 28 жастағы әйелдің мүрдесі табылғаны туралы хабарлады. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.