18 там, 2021 сағат 01:50

Сәтбаев тұрғыны құны 11 млн теңгенің рельсін ұрлаған


Қарағанды ​​облысының тұрғыны бір кәсіпорынның құны 11 миллион теңгені құрайтын рельстерін ұрлаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 шілдеде Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу кәсіпорындардың бірінің аумағындағы рельстерді ұрлап кеткені туралы хабарлама келді. Келтірілген залал көлемі 11,3 миллион теңгені құрады. 

Анықталғандай, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған, бірақ олар кәсіпорынның балансында тұрған теміржол рельстері ұрланған. Сонымен қатар, бұл темір жол әлі де өндірістік циклге қосылатыны жоққа шығарылмай отыр. 

ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 38 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады, теміржол жолдарын тасталған деп санайтынын түсіндірді және оларды ішінара бөлшектеу арқылы жеке пайда табуды көздеген. Ол ұрланған рельстерді металл сыынығын қабылайтын орынға өткізген. Қазір тергеу жүріп жатыр.