Отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«3 қыркүйекте ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Орталық аппарат ғимаратында ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа салтанатты жағдайда мемлекеттік награда – І дәрежелі «Барыс» орденін тапсырды», делінген хабарламада.
Кәрім Мәсімов отставкадағы генерал-полковниктің Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.