Фото: ашық дереккөзден
Сарыағаш тұрғыны бірнеше жалға алынған үйде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Ол ойын автоматтарын орнатып, интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімділік жасаған, деп хабарлайды Ult.kz.
Заңсыз қызметтен түскен жалпы табыс 20,9 млн теңгеден астамды құраған. Сот оны бас бостандығынан айыру жазасына кесті, ал заңсыз алынған табыс мемлекет пайдасына өндірілді.
Бас прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертілген.
Жоғарғы сот түсіндірмесіне сәйкес, экономикалық құқық бұзушылықтан түскен табыс
кінәлі адамнан толық көлемде мемлекетке алынуы тиіс.
