03 сәу, 2017 сағат 10:56

Сарайшықты қалпына келтіру жұмыстарына 100 миллион теңге бөлінді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі көне Сарайшық қаласын қалыпқа келтіру жұмыстарына 100 миллион теңге бөлді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz

"Сарайшықты сақтап қалу үшін су бөгетінің құрылыс аяқталғаннан кейін, қалпына келтіру жұмыстарына кірісеміз. Бұл жұмыстарға 100 миллион теңге бөлінді - бірінші кезеңге. Жыл сайын алға жылжып отырамыз", - дейді Мұхамедиұлы.

Қазіргі кезде су бөгетінің құрылысы жүріп жатыр және жартылай біткен. Министрдің сөзінше, қалыпқа келтіру жұмыстарынан бұрын қалашықтың ең маңызды тұстарын анықтау үшін археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. 

"Қазба жұмыстарын академик Зейнолла Самашев басқарады. Бүкіл қаланы жөндеудің қажеті жоқ. Басты көшелерді анықтау керек. Шығыс және Батыс қақпалары қай жерде болғанын", - деп атап өтті министр. 

Сарайшық XIII-XVI ғырлардағы қала. Тарихшылар мәліметі бойынша, Сарайшық Жібек жолы бойындағы сауда-саттық және мәдени маңыздылығы үлкен қала болған. Ол Атыраудан 55 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Археологтардың айтуынша, қаланың аумағы 100 гектар, алайда, жыл айын ол кішірейіп барады.