16 мау, 2020 сағат 15:18

Сарапшы екпе мен баланың иммунитетіне қатысты түсінік берді

Елордадағы №4 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Виктория Виниченко екпе мен баланың иммунитетіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың иммунитеті әлсіз емес, тек дамымаған. Егер екпе қойылса, бұл өз кезегінде бала иммунитетіне даму үшін ынталандыру жасалды дегенді білдіреді», - деді дәрігер Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.

Оның сөзіне қарағанда, иммунизация жасалған балалар вакцина егілген ауруларға көбіне шалдықпайды немесе өте сирек ауырады және ол жеңіл формада өтеді. Иммундық жүйе үшін екпе қорғанысты іске қосатын механизм.