Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған болып шықты. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бірқатар отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап ретінде оның қайтыс болғаны туралы желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланып, кейін өшірілген еді.
235 рет оқылды