02 шіл, 2017 сағат 11:15

Сара Назарбаева: "Өзін-өзі тануды" университетке енгізу қажет (Видео)

"Бөбек" қорының президенті Сара Назарбаева Алматыда өткен форумда сөз сөйлеп, рухани тәрбиенің маңызы жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. 

Биыл Алматыда орналасқан "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беру ордасын мерейтоймен құттықтауға "Бөбек" қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді.

Сондай-ақ мерейтой аясында, 5-ші республикалық кеңес кезінде рухани-адамгершілік даму мәселелерінің қоғамдық форумы өтті. Шара барысында өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері талқыланды. Оған еліміздің жоғарғы оқу орындарының ректорлары, оқытушылар мен білім беру басқармаларының басшылары  және ұстаздар қауымы қатысты. Форумда Сара Назарбаева "Өзін-өзі тану" пәнін жоғарғы оқу орындарына да енгізгісі келетінін айтты.

"Қазақстанда "Өзін-өзі тану" бағдарламасының сәтті жүзеге асып келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Адамның қолынан келмейтін дүние жоқ. Жалпы бұл бағдарлама арқылы жастардың адамгершілігі мол, рухани тұрғыда таза болуы үшін жасалды. Осы арқылы адамның бойындағы ең жақсы, жарқын және таза қасиетті молайтуды көздейміз. Қадамымыз сәтті жүзеге асып жатыр. Орталық соның айқын көрінісі", — деді "Бөбек" қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева.