26 қаз, 2020 сағат 13:11

Сапасыз импорт қатаң бақылауға алынып, нарықтан шығарылады - Бақыт Сұлтанов

Қазақстан отандық тауар өндірушілердің мүдделері қалай қорғалады? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жалпы «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы аясында біз бірқатар маңызды міндетті шешіп жатырмыз. Атап айтқанда ішкі нарықты «әктеп», отандық өндірушілердің бәсекелестік артықшылығын қорғау көзделуде. Жауапсыз өндірушілер мен сапасыз импорт қатаң бақылауға алынып, ондай өнім нарықтан шығарылатын болады», - деді Бақыт Сұлтанов. 

Министрдің айтуынша, бұл үшін жедел бақылау механизмі мемлекеттік бақылау формасы ретінде енгізілгелі жатыр. 

«Яғни сатушы емес, өнімнің өзі тексерілетін болады. Егер ол өнім сапасыз болып шықса, ол автоматты түрде нарықтан алынып тасталады», - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.